jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте адам өлтірді деп айыпталған қария сот процесі кезінде көз жұмды

    : Facebook

    Шымкентте өзін мазақ еткен жігітке пышақ сұққан 75 жастағы ер адам сот кезінде қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шымкентте адам өлтірді деп айыпталған қария сот процесі кезінде көз жұмды
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Шымкенттің қылмыстық сотында төтенше жағдайдағы кісі өлтіру процесі сотталушының қайтыс болуына байланысты үкім шығарылғанға дейін аяқталуға мәжбүр болды.

    1945 жылы туған айыпталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15-тармағы бойынша (төтенше жағдайдағы қасақана адам өлтіру) айып тағылды.

    Осы жылдың сәуір айында, Шымкент қаласында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде, қария өзінің 30 жастағы досымен бірге отырыс ұйымдастырған.

    Алайда одан кейін ішімдік ішкен екі ер адам арасында жанжал туындайды. Қонақ үйдің иесін мазақтап, қартты итеріп, оның әлсіздігін бетіне басыпты.

    Ашуланған зейнеткер үстелден ас үй пышағын алып, оны өзінің досына 30 рет сұққан. Жәбірленушінің жүрегіне, өкпесіне, бауырына зақым келіп, ол оқиға орнында қайтыс болады.

    Зейнеткер ұсталып, қамауға алынды. Ол дереу қылмысын мойындап, өкінетінін айтты.

    Сот отырысы маусымның ортасында басталып, карантин шарттарына байланысты Skype арқылы қашықтан өтті. Алайда, үш аптадан кейін ер адамның жүрек ұстамасы ұстаған.

    Өкінішке қарай, дәрігерлер егде жастағы адамға көмектесе алмады. Іс айыпталушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

    Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін 8 рет пышақтаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.