jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Шығыс Қазақстан облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды

    NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Төрт күндік іздестіру жұмыстарынан кейін Шығыс Қазақстан тұрғынының мәйіті табылды. Марқұмның өліміне оның танысы күдікті саналып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО полициясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    40 жастағы Лариса Гусактың жоғалғаны туралы төрт күн бұрын полицияға оның туыстары хабарлаған. Әйел Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында тұрған.

    Туыстарының айтуынша, ол таңертең жұмысқа кеткеннен үйіне қайтып оралмаған. Осыдан кейін оны ешкім көрмепті.

    пропала женщина
    Лариса Гусак. Фото: instagram/eastkazpolice

    Полицейлер мен еріктілер хабарсыз кеткен азаматшаны бірнеше күн бойы іздестірді. Өткен түнде Ларисаның өлі табылғаны белгілі болды. Оның денесі Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде орналасқан далада көмілген.

    Полицейлер оның 59 жастағы танысын әйелдің өліміне қатысты күдікті ретінде қарастырып жатыр. Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Ресеймен шекарада көлікпен шетел аспақ болған жерінен ұсталған.

    Полиция күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады.

    Тәртіп сақшылары қылмысты аса ауыр деп жіктейді. Қазіргі уақытта жергілікті полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

    Еске салсақ, Павлодар облысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

    Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылында бұрынғы әйелі мен екі кішкентай қыздарын өртеп жіберген ер адамға қатысты сот процесі аяқталды.

    Сот айыпталушы Серік Кафизовке 45 миллион теңге моральдық және 3 миллион теңге материалдық шығын төлеу туралы үкім шығарып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

    Шығыс Қазақстан облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.