jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Цой Алматы облысының бас санитар дәрігерінің үстінен қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды

    сани
    Фото: Lada.kz

    Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

    Қожахметов министр Алексей Цойдың тұрғындар наразылығына ұшыраған Ерғали Сыдымановпен болған жайттан хабардар екенін жеткізді.

    Министр желіде жарияланған видеоларды зерттеп, Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізуге тапсырма берген.

    Цойдың айтуынша, мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметкер үшін жат. Қожахметовтың жазуынша, министр болған оқиғаға қатысты туындаған қазақстандықтардың наразылығын түсінеді.

    Ресми өкілдің сөзінше, қазіргі уақытта тексеріс басталып кеткен. Оның нәтижесі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланбақ.

    Айта кетейік, 11 тамызда қызметіне жаңадан тағайындалған Алматы облысының бас санитар дәрігер Ерғали Сыдыманов талдықорғандық кәсіпкерлермен кездескен еді.

    Сол сәтте түсірілген кадрлар желіде жарияланып, көпшіліктің наразылығын тудырды.

    Желі қолданушыларына Сыдымановтың сөйлеу мәнері жақпай қалған.

    Кейін бұл жайтқа қатысты Алматы облысы ТКҚСҚБК баспасөз қызметі пікір білдіріп, мән-жайынды түсіндірді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

    Кейін марқұмның пневмониядан көз жұмғаны белгілі болды.

    Цой Алматы облысының бас санитар дәрігерінің үстінен қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.