jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда екі жүз мың теңге пара алған прокурор мен полицей істі болды

    пара
    Көрнекі фото: Facebook

    Алматыда полиция қызметкері мен прокурор заң бұзған адамды әкімшілік жазадан аман алып қалу үшін пара алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «15 тамызда Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің инспе кторы мен прокуратура бөлімінің прокурорын әшкереледі. Олардың қала тұрғынын әкімшілік жазаға тартпау үшін 200000 теңге көлемінде ақша алғаны анықталды», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

    Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Басқа деректер тергеу құпиясына жататындықтан жарияланбайды.

    Естеріңізге сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен онлайн-брифингте антикор мен ҰҚК және көлік прокуратурасының бірлескен операциясы жайлы айтылды. Олар Алматы облысында сегіз лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекетінің жолын кескен.

    Тергеуге Алматы облысындағы "Нұр Жолы" кеден бекетінде жұмыс істеген мемлекеттік кірістер департаментінің сегіз қызметкері алынған. Тергеу болжамынша, олар Қытайға бекет арқылы өткен жүк көліктер мен кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған екен.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте хабарлағандай, күдіктілердің ұсталуына бекеттегі кептеліс себеп болған: олар әр жүргізушіден ақша алып, 30 шақырым кептеліс туындатқан. Департаменттің алты қызметкері ұсталып, изоляторға жіберілді. Ал екеуі кінәсін мойындағандықтан, тергеу уақытында қамауға алынған жоқ.

    Алматыда екі жүз мың теңге пара алған прокурор мен полицей істі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.