jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирустың салдарынан әйелін 10 ай көрмеген ер адам сүйіктісімен қауышты

    Түрме Серік1
    Фото: ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

    Семей қаласындағы қатаң режимдегі ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам 10 ай көрмеген әйелімен қауышты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Семей қаласындағы қатаң режимдегі ОВ-156/14 мекемесінде елімізде короновирус инфекциясына байланысты төтенше жағдайдың енгізіліп, карантиндік шектеулер қойылғаннан бері сотталғандардың туыстарымен кездесуіне тыйым салынған болатын.

    Қазіргі күні вирус таралуының азаюына байланысты кездесулерге рұқсат беріліп, мекемеде алғашқы кездесу өтті.

    Жасаған қылмысы үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған, жазасын жеңілдетілген түрде өтеп жатқан Серікке ұзақ мерзімді кездесу әр үш айда бір рет ұсынылады.

    Кезекті кездесу уақытында карантиндік шектеулер қойылып, кездесулер тоқтатылған болатын. Сол себепті ол жары Айгүлмен 10 ай кездеспей, ал өзінің кенжесі Айзеренің тілі шыққан сәтінен құр қалып, қызының алғаш сөйлегенін ести алмаған еді. Бүгін көптен күткен жақын жандардың кездесуі өтті.

    "Қылмыстың өтеуі жаза екендігін білемін. Дегенмен жанұяммен кездесу мүмкіндігімнің бар екендігіне қатты қуанамын. Болған іске болаттай мықты болып, сүйікті адамдарыммен қайта бостандықта қауышқым келеді. Ол үшін колония әкімшілігімен барлық жағдай жасалған",– дейді Серік.
    Түрме Серік1
    Фото: ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

    Мекеме басшысының айтуынша, бұл кездесулер сотталғандардың тәрбие жұмысына оң әсер етеді.

    "Кездесулерді тоқтатудың мақсаты сотталғандар арасында вирустың тарауының алдын алу болып табылса, сотталғандардың тәрбие жұмысын жүргізуде туыстарымен байланыстарын күшейту – осы кездесулердің негізгі мақсаты болып табылады. Ұзақ мерзімді кездесу орындары керек-жарақ құралдармен толық қамтылған. Барлығы 10 ұзақ кездесу орны болса, 8 қысқа мерзімді кездесу кабиналары жарақтандырылған",– дейді мекеме бастығы әділет полковнигі Самат Ахмеджанов.

    Еске салсақ, елімізде карантин режимі қашан аяқталады деген сауалға денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берген болатын.

    Оған қоса, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов коронавирустың екінші толқыны қалай өтеуі мүмкін екені туралы айтқан еді.

    Коронавирустың салдарынан әйелін 10 ай көрмеген ер адам сүйіктісімен қауышты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.