Оқыс оқиға

Зектілері

Талдықорғанда мас адам бөтен көліктің нөмірін шешіп, видеоға түсіп қалған

Жарияланған күні:

Тараз1
Фото: Видеодағы кадр

8 қыркүйекте Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне Қаратал шағын ауданының тұрғыны арызданып, темір тұлпарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің ұрланғанын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл дерек бойынша қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел іздестіру шаралары барысында із кесушілер қылмысқа қатысы бар күдіктіні жылдам анықтап, одан түнде қолды болған нөмірлерді тәркіледі.

"Ұсталған 28 жастағы облыс орталығы тұрғынының айтуынша, ол ұрлықтың не үшін және қандай мақсатта жасалғанын білмейді. Өйткені, сол сәтте ол мас болған. Ол жымқырып кеткен нөмірлерді үйіне алып барған және полицейлер үйінен оларды тауып, тәркіледі", – деді Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ бастығының орынбасары Бақытжан Төлеген.

Қазіргі уақытта көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу аяқталғанға дейін күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Еске салсақ, Алматы полициясы тек егде жастағы адамдарға шабуыл жасаған ер адамды қолға түсірді. 39 жастағы ер адам зейнет жасындағы әйелдің мойнындағы алқаны жұлып алып, қашып кеткен.

Еске салсақ, Теміртауда белгісіз біреу көшеде алаңсыз келе жатқан ер адамның ұялы телефонын тартып алып, ұрлап кеткенін жазған едік.

Оған қоса, Атырауда 47 жастағы ер адам жолдастарының үйіне барып, сол жерден 14 000 доллар мен зергерлік бұйымдарды қолды қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1873480-taldykorganda-mas-adam-bten-klikti-nmirin-sesip-videoga-tsip-kalgan/