jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда Lexus көлігі жеткіншекті қағып өлтірді (фото)

    Жол апаты
    Фото: Zakon.kz

    Алматыда Lexus көлігі 2005 жылғы жеткіншекті қағып өлтірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылымның мәліметіне сәйкес, жасөспірім рұқсат етілмеген жерден жолды жүгіріп, кесіп өтпек болған. Қайғылы жағдай Шидт көшесінің қиылысына жақын Бекмаханов көшесінің бойында болыпты.

    Жол апаты
    Фото: Zakon.kz

    Жеңіл көлік Бекмаханов көшесімен солтүстікке жылжып келе жатып, қиылыстан өте бергенде жолға жеткіншек жүгіріп шыққан деп жазады басылым.

    Жол апаты
    Фото: Zakon.kz

    Өкінішке қарай, бала түрлі дене жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

    Жол апаты
    Фото: Zakon.kz

    Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда Lada мен КамАЗ соқтығысып қалғанын жазған болатынбыз. Қайғылы жағдай 70 жол айырығы мен "Жұлдыз" ықшамауданы арасындағы Іле даңғыл жолында болған. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жансақтау бөліміне жатқызылды. Басылымның мәліметтеріне сәйкес, соққының қатты болғаны соншалық, седанның капоты мен үстіңгі бөлігі қиылып кеткен екен.

    Жол апаты
    Фото: Zakon.kz

    Одан бөлек, Алматыда жүк көлігі трактор мен жұмысшыларды қағып кеткенін жазған едік. Жол апаты қыркүйектің алтысы күні болды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, жол апатынан үш адам жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, Горная көшесімен келе жатқан Howo жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалған.

    Алматыда Lexus көлігі жеткіншекті қағып өлтірді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.