jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда сырқат балаларды қорлаған санитарлар сотталып кетті

    Сот
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Павлодарда балаларға қорлық көрсеткен жүйке-психиатриялық орталықтың екі қызметкеріне қатысты сот отырысы жабық режимде өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Астана" телеарнасының хабарлауынша, бұл оқу мекемесіндегі жанжал осы жылдың басында шыққан екен. Құзырлы орғандар қорлау деректерін анықтаған.

    "Қала прокуроры мен күдікті арасында кінәсін мойындау процесуалды келісім жасалды. Сот үкіміне сәйкес, Павлодар жүйке-психиатриялық орталығының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды азаптағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостаныдығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді", - деді №2 Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахатаева.

    Сондай-ақ осы жанжалдан кейін мекемеде қызметкелерге бақылау күшейтілгені хабарланды. Одан бөлек ата-аналар тәрбиеленушілерді видео арқылы 24 сағат көріп отыра алады.

    "Бүгінгі таңда әрбір ата-ана өзінің жеке гаджетіндегі қосымшаны ашып, олардың балалары тұратын бөлмелер мен кабинеттерді тікелей көре алады", - деді орталық директорының міндетін атқарушы Әзіл Манабаев.

    Еске сала кетейік, WhatsApp мессенджері арқылы қатаң режимдегі колониядан жаза өтеушілердің қашып кеткені туралы хабарлама тараған.

    Онда аса қауіпті үш қылмыскердің түзету мекемесінен қашып, қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүргені айтылған. Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    Айта кетсек, ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелегені хабарланды.

    Павлодарда сырқат балаларды қорлаған санитарлар сотталып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.