jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әйелінің 13 жыл бұрын порно-роликке түскенін білген азамат жанжал шығарды

    Ұялы телефон
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәскеу тұрғыны әйелін бірнеше жыл бұрын түсірілген порнографиялық роликтен көріп қалды. Белгілі болғандай, ер адамға видеоны белгісіз адам жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарына Богородский Валь көшесінің 33 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол шамамен 13 жыл бұрын порнографиялық фильмге түскенін айтыпты. Оның сөзінше, режиссер оған фильмнің тек Жапонияда көрсетілетінін, ғаламторға шықпайтынын айтып сендірген екен.

    Алайда, өткен жексенбіде әлеуметтік желідегі аккаунттан оның күйеуіне сол порно видео жіберіліпті. Салдарынан ерлі-зайыптылар арасында жанжал пайда болған. Бүгінде істің мән-жайы анықталуда.

    Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында әлеуметтік желіде мектеп оқушысы порно материалдар сатқан.

    Ведомствоның айтуынша, ІІМ қызметкерлері қызылордалық әріптестерімен бірге өзінің парақшасында порно сату туралы жарнама орналастырған 15 жасар жасөспірімді анықтаған.

    Мектеп оқушысы Қызылорда облысының аудандарының бірінде тұрады. Тәртіп сақышылары қосымша тексеру жүргізіп, сексуалдық мазмұндағы бейнежазбаның орындалуын растаған.

    Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілгенін жазған едік.

    Министрліктің мәліметінше, ұятсыз видео өтіп кеткен онлайн сабақтың сілтемесін оқушылардың бірі жариялап қойған. Онлайнды ойыншық көрген оқушылармен ата-аналары түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

    Әйелінің 13 жыл бұрын порно-роликке түскенін білген азамат жанжал шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.