jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкентте қылмыстық топ 40 миллион теңге алған сәтінде ұсталып қалды (видео)

    Қылмыстық топ
    Скриншот: Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі

    Шымкентте жалпы сомасы 600 миллион теңгеден асатын жалған шот-фактура жасап бергені үшін сыйақы алып жатқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, қалалық Экономикалық зерттеулер департаменті қызметкерлері арнайы іс-шара өткізген.

    Оның аясында Шымкент аумағындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған шот-фактуралар жасап келгені анықталды. Мәселе ауқымды сомаға келіп тірелген. Нақты айтқанда, төрт күдікті 40 миллион теңге көлемінде сыйақы алып жатқан кезде ұсталды, яғни 615 миллион теңгенің жалпы сомасының 6,5 пайызын қалтасына баспақ болған.

    Бұл іс бойынша сот шешімі шығып үлгерді. Төртеуі де жұмыс жүргізілмегеніне қарамастан, жалған шот-фактуралар жасағаны үшін, қылмыстық топ ұйымдастыру арқылы аса ірі мөлшерде зиян келтіретін қызметтерді көрсеткені және тауарларды жөнелткені үшін кінәлі деп танылды. Олар үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

    Еске салсақ, бұған дейін біз Өскеменнің қоғам белсенділері жетім балалар тұруы тиіс үйлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатқанын айтып, дабыл қаққанын жазған едік.

    Одан бөлек, Елордада мас күйде үш адам қағып кеткен жүкті әйелге сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз. Айыпталушының адвокаты әйелді бас бостандығынан айырмауды сұрағанымен, әйел сотталып кетті.

    Шымкентте қылмыстық топ 40 миллион теңге алған сәтінде ұсталып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.