jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен

    тонау
    Көрнекі фото: rostov.ru

    Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған 57 жастағы ер адамды тонап кеткен деп хабарлайды Kaz.Nur.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    Жәбірленушінің айтуынша, ол Қарасай батыр көшесінен теміржол вокзалына қарай жаяу жүріп келе жатқан. Гараждардың маңына жеткенде, ер адам есінен танып қалған.

    Оған не себеп болғанын өзі де білмейді. Біраз уақыттан соң көзін ашса, қасында екі бейтаныс жігіт қалтасын ақтарып жатыр екен.

    Күдіктілер есін жиған ер адамды соққыға жығып, киімінің қалтасынан 30 мың теңгені алып, шалбарының белбеуін, көзілдірігі мен оттығын да тартып әкеткен.

    Полицейлер адам тонады деген күдікпен екі ер адамды – қаланың 26 және 36 жастағы тұрғындарын "ізін суытпай" ұстады.

    Анықталғандай, олар бұған дейін де сотты болған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Заттай айғақтар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

    Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 2 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.