jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сүйіктісін өлтіріп, туған әкесіне тұрмысқа шыққан әйел жұрттың жағасын ұстатты

    той
    Көрнекі фото: pexels.com

    Американың Батыс Вирджиния штатының тұрғыны сүйіктісін өлтіріп, әкесіне үйленгені үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Daily News басылымына сілтеме жасап.

    Айыптаушы тараптың айтуынша, Аманда Макклюр және оның әкесі Үлкен Ларри Макклюр 2019 жылдың ақпанында Аманданың сүйіктісі МакГуайрге күштеп метамфетамин енгізіп, содан кейін оны буындырып, басынан ұрған. Оның денесі 2019 жылдың қыркүйегінде Батыс Вирджиния штатындағы Скайгасти аймағынан табылыпты.

    Болжам бойынша, айыпталушылар ер адамды өлтірген соң, төсек қатынасына түсіп, төрт аптадан кейін үйленіпті.

    Қараша айында Үлкен Ларри хат жазып, онда МакГуайрді өлтіруге қатысқанын мойындаған. 2020 жылдың тамызында ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал қазан айының басында Аманда 40 жылға темір торға тоғытылды.

    Сонымен қатар, Аманданың әпкесі Анна Марии Чаудри де МакГуайрді өлтіруге қатысты деп айыпталып отыр. Ол сот үкімін күтуде.

    Естеріңізге сала кетейік, еркін күрестен әлем чемпионы, 24 жастағы Заурбек Сидаковтың тойында болған күтпеген жағдайдың көпшіліктің талқысына түскенін жазған едік. Владикавказда болып жатқан тойда балуан қалыңдығын той үстінде қуып шыққан. Нәтижесінде спортшының 25 жастағы Мадина Плиевамен некесі қиылмай қалды.

    Сүйіктісін өлтіріп, туған әкесіне тұрмысқа шыққан әйел жұрттың жағасын ұстатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.