jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кетті

    Мешітке ұрлыққа түскен ер адам
    Видеодан кадр: facebook.com/daniyar.meirkhan

    Түркістан облысында мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

    Мейірханның айтуынша, полицейлер мешіттерге ұрлыққа түсіп жүрген күдіктіні ұстаған.

    Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғыны қайырымдылық көрсетуге арналған жәшіктерді ашып, барлық жиналған ақшаны тонап кеткен.

    Тергеу барысында күндіктінің осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны анықталған. Мәселен, ер адам Шымкентте - 20 ұрлық, Түркістанда – 7 ұрлық, Ордабасыда – 3, Алматыда – 3, Таразда – 10 ұрлық жасаған болып шыққан.

    Аудандық бас полицей оның басқа қылмыстарған қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатқанын хабарлады.

    Еске сала кетсек, Атырауда 21 жастағы жігіт мешіттегі садақа жәшігін ұрлағанын жазған едік. Оның ұрлығы видеоға түсіп қалған.

    Айта кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының полиция департаменті мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған 26 жастағы ер азаматтың қолға түскенін хабарлаған еді.

    Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың маусым айында еліміздің тағы бір өңірінде орын алды.

    Ақтөбе қаласындағы мешіттегі ұрлық Рамазан айында Қадір түнінен кейін болған. Оқиға Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылындағы мешітте тіркелді.

    Түркістан облысында ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.