jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдары ұрланды (видео)

    Алтын
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл облысында зергерлік дүкеннен құны 25 миллион теңгеге болатын әшекейлер ұрланды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылымның мәліметінше, қазан айының 14-нен 15-не қараған түні облыс орталығындағы зергерлік дүкен тоналған. Күдікті ғимараттың ішіндегі қабырғаны бұзып, дүкенге кіріп, алтын бұйымдарды алып кеткен.

    Алдын ала есепке сәйкес, келтірілген шығын 25 миллион теңгеге бағаланып отыр.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы, 3 бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Оқиға болған жерді қарау кезінде күдіктінің қылмысқа мұқият дайындалғаны анықталған.

    Тараз қаласының қылмыстық полиция бөлімінің қызметкелері жасаған жедел-іздестіру шараларының арқасында 22 қазанда күдікті ұсталған. Ол бұған дейін сотты болған Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шыққан.

    Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда ер адам подъезде бойжеткенге шабуыл жасап, азық-түлігін тартып алғанын хабарлаған едік. Ол көп ұзамай, 20 минуттан соң қолға түскен.

    Сонымен қатар бұған дейін Түркістан облысында мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшігін тонап кеткен 25 жастағы Қызылорда тұрғыны туралы жазған болатынбыз.

    Тергеу барысында күндіктінің осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны анықталған. Мәселен, ер адам Шымкентте - 20 ұрлық, Түркістанда – 7 ұрлық, Ордабасыда – 3, Алматыда – 3, Таразда – 10 ұрлық жасаған.

    Таразда зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдары ұрланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.