jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО соты екі баланы зорлады деген күдіктіні неге ақтап шығарғанын түсіндірді

    Балалар
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысында екі баланы зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты. Мамандандырылған аудандық сот үкімді түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі кәмелет жасына толмағандарды зорлап, қорлық көрсетті деп айыпталған ер адамның қылмыстық ісіне қатысты ақпаратпен бөлісті.

    Соттың дерегінше, осы іс бойынша алқабилердің қатысуымен айыптау үкімі оқылған. Алайда қорғалушы тарап алқабилердің дауысы дұрыс саналмады, олардың басым бөлігі ақтауға дауыс берген деп есептеп шағым түсірген.

    "Жаңа сот талқылауы барысында 10 алқаби сот отырысының басынан бастап үкім шыққанға дейін қатысып, айыптаушы тарап та, қорғаушылар да келтірген барлық дәлелдемелерді зерттеді. Шешімді 10 алқаби мен 1 судья қабылдады. Алқабилердің жасырын дауыс беру нәтижесінде сот ер адамды кінәсіз деп есептеп, ақтау үкімін шығарды", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

    Ведомство үкімнің заңды күшіне енбегенін атап өтті. Тараптар аппеляциялық шағым түсіре алады.

    Еске сала кетсек, 4 жасар өгей қызы мен 9 жасар өгей ұлын зорлап, қинады деп айыпталған азамат 16 жылға сотталған еді. Алайда кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққаны хабарланған болатын.

    Айта кетейік, осыған дейін Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскенін жазған едік.

    ШҚО соты екі баланы зорлады деген күдіктіні неге ақтап шығарғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.