jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Мойны үш жерден сынған: Полицей әйеліне шындықты айтқан көңілдесін өлтіріп тастады

    Кісен
    Көрнекі фото: perm.aif.ru

    Англияда үлгілі полицей әйеліне махаббат хикаясын айтып берген көңілдесін өлтіріп тастады. Бұл қылмысы үшін тәртіп сақшысы он жарым жылға абақтыға қамалды.

    41 жастағы Тимоти Бремер 10 жылдан аса уақыт медбике Клэр Пэрримен жасырын ара-қатынаста болған. Тәртіп сақшысының келіншегі де полиция детективі қызметін атқарған. Бремердің туыстары мен достары оның әрдайым үлгілі полицей және мінсіз күйеу болғанын айтып отыр деп жазады Lenta.ru.

    Тимоти Бремер
    Фото: Dorset Police

    Пэрридің күйеуі әйелі полицеймен көңілдес болып жүргенін біліп, ажырасып кетеді. Ал 2020 жылдың мамыр айында медбике Пэрри тәртіп сақшысының тағы бірнеше көңілдесі бар екенін біліп қалады. Ашуға булыққан ол көліктің артында отырғанда полицейдің ұялы телефонын алып, жұбайына "Мен сенің көзіңе шөп салып жүрмін" деп жазып жібереді.

    Мұны көрген полицей ашынасын көлік ішінде қылқындырып өлтіреді. Оның мойны үш жерден сынып кеткен.

    Полицей сотта марқұммен арада ұрыс-керіс болғанын жеткізді. Сөзінше, медбике оған айғайлаған, ал ол сабырға шақырып, көліктен түсірмек болған. Артынша Бремер байқамай Пэрридің үстіне құлап кеткен, осылайша медбике тұншығып қалған. Полицей көңілдесінің халі нашар екенін байқамағанын, оны өлтіруге оқталмағанын айтып сендірді.

    Солсберри корольдік сотының алқабилері Бремер көңілдесін байқаусызда өлтіріп қойды деген шешімге келіп, жаза мерзімін азайтты. Үкім қоғамда үлкен наразылық тудырды. Көпшілігі қылмыскер тиісті мерзімінен бұрын шартты түрде босатылады деп күдіктеніп отыр.

    Отырысқа қатысқан әріптестері оның бір бөлімде бірнеше көңілдесі болғанын атап өтті. Қайтыс болған медбикенің артында күйеуі мен екі баласы қалды.

    Айта кетейік, Ресейде тәртіп сақшыларын тырқырата қуған сиырлар желі жұлдызына айналды.

    Мойны үш жерден сынған: Полицей әйеліне шындықты айтқан көңілдесін өлтіріп тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.