jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстауда шенеуніктер 500 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деп күдіктелуде

    шенеуінік
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Маңғыстау облысында коммуналдық мекемелердің лауазымды тұлғалары бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасап, мемлекетке 500 миллион теңгеден астам залал келтірді деп айыпталуда. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік ЭТД Маңғыстау облысындағы бірқатар энергетикалық компаниялардың басшылары мен лауазымды тұлғалары кірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеген.

    2019 жылдың наурызынан қазанына дейінгі аралықта күдіктілер энергия саласында арнайы білімі бар адамдарды пайдалана отырып, Мұнайлы және Жаңаөзен қосалқы станцияларында есепке алмайтын шиналарда есептелетін кернеу және тоқ тізбектерін иіруді іске асырғаны анықталған. Бұған "Мангистауэнерго" МКК директоры астыртын көмек көрсеткен.

    "МАЭК-Казатомпром" ЖШС, "Мангистауэнерго" МКК, "Өзенэнергосервис" МКК қызметкерлері мен басқа тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 7 бабы бойынша іс қозғалған.

    9 адам тергеуге алынған. Іс материалдары сотқа жолданған. Келтірілген заладың жалпы сомасы 500 млн теңгеден асады деп бағалануда.

    Залады өтеу мақсатында 110 млн теңгеден астам сомаға күдіктілердің мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған.

    Еске сала кетсек, Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалған болатын. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылған.

    Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкерің сотталғанын жазған едік.

    Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылса, пара беруші кәсіпкер 2,5 жылға сотталған.

    Маңғыстауда шенеуніктер 500 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деп күдіктелуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.