jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында бойжеткен өзін ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын айтты

    Қыз
    Видеодан кадр: instagram.com/aiya.umurzakova

    Әлеуметтік желіде ҰҚК қызметкері өзін зорламақ болғанын айтқан қыздың видеосы тарады. Жәбірленуші істі бақылауға алып, объективті тергеу жүргізуді сұрады. Алматы облыстық полиция департаменті аталған арызға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram желісінде жарияланды. Онда автор оқиғаның 11 қыркүйектен 12-не қараған түні Алматы маңындағы Қарасай ауданы аумағында болғанын айтады. Жұмыстан үйіне қайтпақ болған ару жолдан такси ұстаған. Ал жүргізуші бойжеткенді ешкім жоқ жерге апарып, зорламақ болған.

    Қыз қашып үлгеріп, көшедегі адамдардан көмек сұраған, ал олар полицияға хабарласқан. Айтуынша, күдікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етеді.

    Жәбірленуші өз арызын Қарасай ауданы полицейлеріне берген. Алайда, қылмыстық істі тергеу уақыты белгісіз себептермен созылып жатыр деп есептеп отыр.

    Өңір тұрғыны сөзінше, күдіктінің туыстары өзіне қысым көрсетіп, бопсалауды жалғастыруда. Сондықтан, психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр.

    "Мен іс сотқа дейін жетпейді ме деп қорқамын. Сондықтан, көпшілікке жүгініп отырмын. Аудандық ішкі істер бөлімі істі өте баяу жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін оның туыстары келіп, мені қорқытты. Олар мені кінәлі әрі алаяқ етеміз дейді. Өзім осы іске байланысты жұмыссыз қалдым. Жалғыз көшеге шығуға қорқамын. Маған мұндай қадам жасау қиынға соқты, бірақ мен үндемей қала алмаймын", - деді ол.

    Алматы облысы Полиция департаменті әлеуметтік желідегі жазбаға жауап беріп, қылмыстық істі тергеу бақылауға алынғанын хабарлады.

    "Жәбірленушінің арызы ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі "зорлауға оқталу" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, барлық қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Желідегі жазбаны 190 мыңнан аса қолданушы көрген.

    Айта кетейік, Павлодар облысы Успенка ауылының тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Алматы облысында бойжеткен өзін ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.