jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскені үшін сотталған бозбала бостандыққа шықты

    Қос ғашық
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбеде 15 жастағы сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскен бозбалаға қатысты сот үкімі өзгерді. Кесілген жаза жеңілдетіліп, ол бостандыққа шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталының тілшісі.

    Айта кетсек, 17 жастағы бозбала бастапқыда кәмелеттік жасқа толмаған сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскені үшін айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

    Алайда апелляция шағымды қараған облыстық сот алғашқы шешімін өзгертті. Айыпталушыға қатысты үкім 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу шарасына өзгертілді. Бозбала апелляция қаралымынан кейін үйіне жіберілген.

    "Сот алқасы сотталушының кәмелетке толмаған жасын, оның өкінуін, жағымды мінездемесін, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін ескерді. Осыған байланысты сот жас жігітке 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасын тағайындады және қамаудан босатты", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

    Естеріңізге салсақ, оқиға өткен жылдың ақпан айында басталған еді. 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз танысып, жақын байланыста болған.

    Бозбаланың анасы баласының жастықпен жасаған қателігін кешіруді сұрап, екі жастың некесін қидыруға дайын екенін де айтқан болатын.

    Жәбірленуші тарап саналатын қыздың анасы да бозбаланың үстінен шағым түсірмейтінін айтып, соттан жас жігітке кешірім беруді сұраған.

    Дегенмен Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағы бойынша тергеліп жатқанын айтқан еді.

    Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскені үшін сотталған бозбала бостандыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.