jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада полиция басшылары ұсталды: ІІМ видео жариялады

    Фото
    Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

    Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысында ұсталған полицей басшылардың қылмыстық істері туралы ақпарат таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтты.

    Оның сөзінше, Қызылорда облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы басшысы 15 жылға сотталды. Күдікті қарасораны өсірген қылмыскерлерге қамқоршылық жасаған.

    "Біздің тергеуіміз бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы басшысы Мырзақасымов 15 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді Саданов.

    Сонымен қатар, полиция қызметкерлері марихуананың ірі партиясына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Тіпті, заңсыз қару-жарақ та тәркіленді. Оған да полиция басшыларының қатысы бар болып шыққан.

    "Тінту шаралары барысында 12 келіден аҚтам есірткі тәркіленді. Одан кейін Қызылорда облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы мен оның қол астындағы қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 7 миллион теңге көлемінде параны алған кезде ұсталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр. Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады", – деді Саданов.

    Ол жауапқа тартылған барлық полицейлер жұмыстан босатылғанын алға тартты. Бұдан бөлек, Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары мен тағы үш басшы қызметінен кеткені белгілі болды.

    Бүгінгі онлайн брифингте қылмыстық топты ұстау операциясының видеосы да жарияланды. Оны 37:30-дан бастап көруге болады. 

    Қызылордада полиция басшылары ұсталды: ІІМ видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.