jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қызылорда кәмелетке толмаған қызбен сыра ішкен жігіттердің басы бәлеге қалды

    көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қызылордада кәмелетке толмаған қызды масаң күйге жеткізген екі жас жігіт екі күнге қамауға алынды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым мәліметінше, 31 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданының 20 және 25 жастағы екі тұрғыны 2004 жылы туған жасөспіріммен бірге сыра ішіп, оны масаң күйге дейін жеткізген.

    Аталған құқық бұзушылықтары үшін оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 131-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу) әкімшілік хаттамалар ресімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

    Сотта жас жігіттер кінәсын толық мойындаған.

    2021 жылғы 5 ақпанда Сырдария аудандық сотының қаулысымен аталған азаматтар екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

    Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 тамызы күні кешкі сағат 19.30-да Павлодар облысы жол полициясына Екібастұз қаласындағы Шахтер саябағында жасөспірім қыздың әжетханаға түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен еді.

    Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары барған болатын.

    Белгілі болғандай 2004 және 2003 жылғы кәмелет жасына толмаған қыздар сыра ішкен соң, Шахтер саябағына серуендеп қайтуға кеткен.

    Аз уақыт өткен соң жасөспірімдердің бірі әжетханаға барған. Ол әжетханада көзілдірігін түсіріп алған. Сол көзілдірікті аламын деген сәтте, өзі де әжетхнаға құлап кеткен екен.

    Оқиға орнына қыздардың ата-аналары шақырылған. Оқушы қыз мамандар көмегімен құтқарылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.