jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Балқашта жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі жасар баланың өлімі тергелуде

    Нәресте
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Балқашта екі жасар баланың өлімінен кейін полицейлер қалалық аурухананың медқызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оларға кәсіби міндеттерін дұрыс орындамады деген айып тағылған. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өңірлік полиция департаментінің басшысы қылмыстық істің егжей-тегжейін тұрғындармен есеп беру кездесуінде айтып берді.

    Полковник Ерлан Файзуллинің ақпаратынша, қазіргі уақытта Балқаш орталық ауруханасының медқызметкерлеріне қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмаған. Олар бостандықта жүр.

    "Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша тергеліп жатыр. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Олардың нәтижесі әлі дайын емес. Қорытындысын күтіп отырмыз. Медқызметкерлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ. Іс бақылауда тұр", - дейді Ерлан Файзуллин.

    Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында екі жасар бала Балқаштағы аурханада қайтыс болған еді. Баланың қасы ісіп кеткен. Оның анасы дәрігерлерге жүгінеді, бірақ баланы қараған ақ халаттылар оны үйіне қайтарған.

    Қайтадан тексерген сәтте баланың қанты жоғары екені анықталып, бүлдіршін ауруханаға жатқызылған. Келесі күні ол көз жұмыпты. Анасы Маргарита Ивлеваның сөзінше, дәрігерлер ұлының жағдайын дұрыс бағаламай, оның өліміне себеп болған.

    Оның болжамын құрамына Қарағанды облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің мамандары кірген комиссия мүшелері де растапты.

    Мамандар Балқаш орталық ауруханасының реаниматологында сертификат жоқ екенін анықтаған. Дәрігер мен ауруханаға айыппұл салынған.

    Балқашта жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі жасар баланың өлімі тергелуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.