jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада қонаққа барып, танысының жарты млн теңгесін ұрлаған ару ұсталды

    күдікті әйел
    Көрнекі фото: www.gazeta.ru

    Қызылорда облысында қонаққа келіп, үй иесінің жарты миллион теңгесін ұрлап кеткен азаматша қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым мәліметінше, Қызылорда облысының полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 3 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен белгісіз біреулердің жарты миллион теңгесін ұрлап кеткені туралы арызданған.

    Ауданның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде 1989 жылы туған күдікті азаматшаны қолға түсіргені белгілі болды.

    Оның үй иелеріне көрші ауылдан қонаққа келгені де айтылды.

    Жәбірленушінің ұйықтап қалғанын пайдаланған азаматша шкафта тұрған ақшаны қолды қылған.

    Қазіргі уақыььа аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен ("Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

    Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

    Сонымен қатар Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

    Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, "тығып кеткен" кілтті тауып алып, үйге заңсыз кірмек болыпты.

    Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қызылордада қонаққа барып, танысының жарты млн теңгесін ұрлаған ару ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.