jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте алып қашудың құрбаны болған ару оқиғаның мән-жайын айтты

    бойжеткен12
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 29 наурыз күні алып қашудың құрбаны болған қызды 30 наурыз күні тапқан. Сондай-ақ күдіктілер де ұсталған. Оқиғаның қатысушылары бөлімшеге жеткізілген. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады деп жазады Otyrar.kz.

    Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттерді Түркістан облысы аумағынан Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасына жеткізген.

    Тергеу барысында ер адамның екі досымен бірігіп, бойжеткенді үйлену мақсатында алып қашқаны анықталған. Күдіктілер Түркістан облысының тұрғындары болып шыққан.

    Сонымен қатар келеңсіз жайтқа тап болған ару да өзінің жағдайы туралы айтып берді.

    "Сол түні 18-шағын ауданда аса таныс емес ер адам үйлену мақсатында өзінің достарымен бірге мені көлікке күштеп мінгізіп, үйіне апарды. Осы уақыт аралығында мен оның үйінде болдым. Маған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасалмады. Қазір менде бәрі жақсы", - дейді бойжеткен.

    Еске сала кетсек, бұған дейін "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры Шымкентте қыз алып қашқандар жайлы хабарлаған еді. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

    Желіде тараған видео кадрларынан өзін босатуды талап етіп, айғайлап көмек сұраған бойжеткеннің даусы мен автокөлік байқалған болатын. Алайда жігіттер қызды айғайына қарамастан салонға кіргізіп, көлікті айдап кеткен.

    Бұған қатысты Шымкент полиция департаменті пікір білдіріп, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған еді.

    Шымкентте алып қашудың құрбаны болған ару оқиғаның мән-жайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.