jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбедегі атышулы шошқа фермасының басшысы үйқамақта отыр

    Гайк Тертерян
    Гайк Тертерян. Видеодан кадр: youtube.com/Suren Sargsyan

    Ақтөбедегі шошқа базасының басшысы үйқамақта отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "2020 жылдың 3 желтоқсанында экология департаментінің тексерісінен кейін "Парижская коммуна" ЖШС-не қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компания құрылтайшысы 1950 жылғы азамат Тертерян Гайк. Қазір ол іске қатысты күдікті саналады. Қылмыстық кодекстің 332-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталып отыр",- дейді аға тергеуші Айгүл Иманғазина.

    Ақтөбе облысы экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, Алға ауданы Бестамақ ауылы тұрғындарының өтініші бойынша өткен жылдың 20 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында облыстық экология департаменті "Парижская коммуна" ЖШС-нің қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

    Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталған. Мәселен мал сою цехындағы қалдықтар, қатты тұрмыстық қалдықтар мен ауыл шаруашылығы қалдықтары шошқа кешенінің іргелес аумағына көміліп отырғаны белгілі болған.

    Нұржан Аққұлдың сөзінше, осыдан кейін серіктестікке 1 млн теңгеден аса айппұл салынып, мәжбүрлі түрде өндіріліп алынған.

    "Экологиялық заңнаманың бұзылуына жол берген серіктестікке жалпы сомасы 1,5 млн теңге (13 айыппұл үшін) және сұратылған мәліметтерді ұсынбауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы үш хаттама толтырылып, 1 млн 250 мың теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бұл әкімшілік айыппұлдардың барлығы мәжбүрлі түрде өндіріліп алынды.

    Сондай-ақ экологиялық залалды өтеуге қатысты алты шағым түсті. Оның жалпы сомасы 7 млрд 27 млн теңге", - дейді ол.

    Өңірдің бас экологының дерегінше, аталған айыппұлды өндіру үшін сотқа арыз түскен.

    "1 сәуір күні Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына "Парижская коммуна" ЖШС-нен жалпы сомасы 7 млрд 27 млн теңге айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіру туралы арыз түсті", - дейді Нұржан Аққұл.

    Ақтөбедегі атышулы шошқа фермасының басшысы үйқамақта отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.