jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Шлакоблокпен өлтірген": Сотталушы 6 жігіттің жақындары үкімді естігенде жылап жіберді

    Сот балғасы
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Шымкентте құрдасын шлакоблокпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген жігіттер сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Сот отырысына "құрдасын шлакоблокпен ұрып өлтірді" деп айыпталған сотталушылардың жақындары түгел жиналды.

    Үкімді жылап тыңдаған олар соттың соңына дейін көз жасын тыя алған жоқ. Ал сотталушылар болса берілген мерзімді естігенде отырған орындарынан тұрып кетті, деп жазады Otyrar.kz.

    17 жастағы шымкенттік студентті топтасып өлтірді деген айыппен 6 жігіт бас бостандығынан айырылды. Ең азы 6 жыл арқаласа, ең көбі 8 жылға сотталды.   

    Бірақ сот үкімімен марқұм Абзал Өткіровтің ағасы келіспейді. Айтуынша, бауырының өліміне қатысы барларға берілген жаза тым жеңіл.

    "Апелляцияға береміз. Тым жеңіл жаза берді. 106-баппен кемі 8 жылдан беру керек еді. Әрқайсысына 8 жылдан беруі керек еді. Үсіпбаев Жанболатқа ғана 8 жыл берді. Бәрі бірдей қылмыс жасады. Толық үкім шығарғанын қалаймын", – деді жәбірленуші Алмаз Өткіров.

    Ал сотталғандардың жақындары жаза мерзімін тым көп деп отыр. Олар бұл іске нағыз кінәлілер бостандықта жүргенін айтады. Бәрібір өз шындығымызды орнатамыз деген олар соттан кейін шу шығарды.

    "Біздің балалар кінәсіз. Ол бала таспен бір ұрғанда өлген. Дұрыс па? Экспертизада да солай көрсетілген. Неге ұрған бала 6 жыл алады да, неге біздің балалар 8 жыл алады? Бұл әділетсіз", – деп ашынды сотталушының әпкесі Сапаркүл Үсіпбаева.

    Еске сала кетейік, шымкенттіктердің жағасын ұстатқан оқиға былтыр мамыр айында болды. Өзара мәселе шешпек болған құрдастар Маятаста кездеседі. Олар бұған дейін де бірнеше рет жаға жыртысқан екен. Алайда соңғы кездесу қайғылы аяқталып, 17 жастағы студент Абзал Өткіров бақилық болды.

    "Шлакоблокпен өлтірген": Сотталушы 6 жігіттің жақындары үкімді естігенде жылап жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.