jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы полициясы ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді

    Жол
    Көрнекі фото: qazweek.kz

    Алматы полициясы жол апатынан қаза тапқан адамдардың мәйіттеріне қатысты пікір білдірді. Мессенджерлерде жылдам таралып жатқан роликте ірі жол апаты Алматыда болды деп айтылған, алайда тәртіп сақшылары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Алматы полиция департаменті бейнежазбамен танысып шыққанын хабардар еттіү  

    "Алматы қаласында болды делінген жол апатының видеосы анықталды. Шын мәнінде апат Бразилияда болған және таратылған фактінің Алматыға еш қатысы жоқ. Полиция департаменті азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және қоғамды адастырмауға шақырады", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Оның сөзінше, көптің талқысына түскен ролик әлеуметтік желілер және мессенджерлерде алғаш рет таралып отырған жоқ. Бұған дейін ол 2019 және 2020 жылдары жарияланыпты.

    Салтанат Әзірбек қала тұрғындарын мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды.

    Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда алкогольді сусын тұтынған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады.

    Оқиға 3 мамыр күні орын алған. Түнгі сағат 01:15-те тәртіп сақшыларына Талдықорған қаласының тұрғыны қоңырау шалған. Ол мас күйеуі өзін автобекетте қорқытқанын жеткізген.

    "Шақырту орнына тез арада екі учаскелік полиция қызметкері барды, оларды күдікті байқап қалып, сол жерден қашып кетуге тырысқан. Іздеу және қамауға алу шараларын қабылдау кезінде, Абай мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында алкогольді сусын тұтынған ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, учаскелік полиция қызметкерлердің біріне пышақ жарақатын салды, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.