jitsu gif
Оқыс оқиға

    Із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтың денесі табылды

    Нұрлан Сүлейменов
    Нұрлан Сүлейменов. Фото: отбасылық мұрағат

    Қарағанды ​​облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтың денесі оның көлігі анықталған маңайдан төрт шақырым жерден табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "5 мамырда Нұра ауданындағы Тассуат ауылының маңынан Қарағанды ​​облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 2021 жылы 8 сәуірде жоғалып кеткен Сүлейменовтің денесін тапты", – деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

    Ол 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзені бойындағы іздеу жұмыстарына эхолот, квадрокоптер жұмылдырылғанын атап өтті.

    "Іздестіру жұмысына тікұшақ та қатыстырылды. Сонымен қатар аэровизуалды зерттеу үшін моторлы парапландар қолданылды. Олар шамамен 30 шақырым аумаққа шолу жүргізді", – деді ресми өкіл.

    Оған қоса, министрлік өкілі өзен арнасындағы су деңгейінің жоғарылығы мен жағалаудың күрделілігі, шұңқырлар мен су астының көрінбейтіндігі және өсімдік жамылғысының қалыңдығы іздеу жұмыстарына едәуір кедергі болды деп түсіндірді.

    Нұрлан Сүлейменовтың денесі жағалаудан 50 метр, ал көлік табылған жерден төрт шақырым қашықта жатқаны анықталды.

    Қарағанды ​​облысы полиция басқармасы өкілдерінің айтуынша, туыстары денені таныған және тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде, процессуалдық шешім қабылданады.

    Еске сала кетсек, бұған дейін із-түзсіз жоғалған фермердің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

    Із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовтың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.