jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

    Көлікте отырған ер адам
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Алматы облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Еңбекшіқазақ ауданында полицейлер жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару барысында “Toyota Carina” автокөлігін мас күйінде тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Ағымдағы жылдың 10 мамырында тәртіп сақшылары Ассысаға ауылының көшелерінің бірінен “Toyota Carina” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көлік тізгінін ұстаған азаматтың масаң күйде екені белгілі болған.

    Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес 34 жастағы жүргізушінің “орта” дәрежедегі масаң күйде екені анықталды. Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Аудандық соттың шешімімен масаң күйде көлік басқарған немқұрайлы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ПБ бастығы Дәурен Жалғасбаев.

    Алматы облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.