jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында үйін сағынып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан.

    "Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады", – делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді.

    Айта кетейік, Дархан Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған болатын.

    Сонымен қатар, Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан.

    Нұрасыл Арысбаев бұндай қадамға неліктен барғанын журналистерге айтып берді.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 4 тәулікке бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін 10 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған. Сонымен қатар қызметтік киіммен кетіп қалған, бұл үлкен құқық бұзушылық болып табылады және осындай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің бабында 90 тәулікке дейін қамауға алу жазылған.

    Алматы облысында үйін сағынып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.