Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында әскерден қашып кеткен сарбаз қатаң жазаға тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараздағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз қатаң жазалануы мүмкін деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 4 тәулікке бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін 10 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған. Сонымен қатар қызметтік киіммен кетіп қалған, бұл үлкен құқық бұзушылық болып табылады және осындай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің бабында 90 тәулікке дейін қамауға алу жазылған.

Осылайша, қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев өзінің қызмет орнын түнгі уақытта тастап кетіп, аса ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін өрескел құқық бұзушылыққа барды.

"Осыған байланысты бөлім басшылығы қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаевқа ең ауыр жазаны қолдану туралы арызданады", - деп хабарлады ведомство.

Сарбазға соңғы жазаны сот тағайындайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан.

Нұрасыл Арысбаев бұндай қадамға неліктен барғанын журналистерге айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905503-zambyl-oblysynda-askerden-qasyp-ketken-sarbaz-qatan-zazaga-tartyluy-mumkin/

pixel