jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында көліктің нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды

    Түлектер
    Видеодан кадр: Instagram/ kris_p_almaty

    Алматы облысында көліктердің мемлекеттік нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды. Қазір полиция оларға қатысты шара қолдануда деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Оқиға Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында болған. Олар - колледж түлектері. Автомашинадағы адамдар да, көліктер де анықталды. Қазір полицейлер осы оқиғаға қатысты тиісті шара қолданып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеждің видеосы тараған болатын.

    Алматы облысында көліктің нөмірін алып тастап сайран құрған түлектер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.