jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау полициясы сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелді тексеруде (видео)

    массажист
    Видеодан кадр: Lada.kz

    Әлеуметтік желіде балаға массаж жасап жатқан әйелдің видеосы пайда болды. Ролик қоғамдық резонанс тудырған. Бұл факті Маңғыстау облысында тіркелген. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қазір тексеріс жүріп жатыр деп хабарлайды Lada.kz.

    Желіде жарияланған видеодан әйелдің медициналық халат пен маскасыз балаға массаж жасап жатқанын және сәбидің қатты жылап жатқанын байқауға болады.

    Одан бөлек, кадрдан әйелдің сәбидің ішін қатты басып, қол-аяғын созғанын, тіпті оның мойнынан ұстап сілкілегенін көруге болады.

    Желіде тараған видеоға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

    "Видеоролик қатысушысы жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу ауылы полициясының басшысы келді. Массаж жасаушы мен нәрестенің ата-анасы шақыртылды. Полицияға арыз түспеген. Алайда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде факті тіркелді және істің толық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізілуде", - дейді ведомство.

    Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған жандарға қарау ұсынылмайды!

    Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталғанын жазған едік.

    1994 жылы туған күдікті ақшаны алу кезінде қолға түскен.

    Сондай-ақ, Павлодарда 10 айлық баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің видеосы желіде тарап кеткенін жазған едік. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

    Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баласын ұрған әйелге қатысты соталды тергеу басталған.

    Маңғыстау полициясы сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелді тексеруде (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.