Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 айлық баласын аяусыз ұрған павлодарлық әйел көптің ашуын тудырды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда 10 айлық баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің видеосы желіде тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баласын ұрған әйелге қатысты соталды тергеу басталған.

Сондай-ақ, ведомство қажетті сараптамалар жүргізілетіні атап өтті.

Полицияның баяндауынша, сәбиді медицина қызметкерлері тексерген. Қазіргі таңда оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 10 айлық бала ауруханаға жатқызылған.

"Тексере келе, павлодарлық әйелдің кәмелет жасына толмаған үш баласы бар екені анықталды. Ол үш баланы жалғыз бағып отырғанын жеткізді. Балаларының алды 14, 12 жаста, ал кенжесі 10 айлық", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Олар түрлі пікірін жазған.

"Қандай әйел? Барын бағаламайды. Ал біреулер бедеуліктен бала сүйе алмай жүр. Кішкентай періште..", "Видеоны көрмеймін, жазаласын!" , - дейді пікір қалдырушылар.

Ескерту! Видеоны психикасы әлсіз, аяғы ауыр және 18 жасқа толмаған жандарға қарау ұсынылмайды!

Бұдан бөлек, Павлодар облысында жоғалып кеткен 15 жастағы екі жасөспірім су қоймасынан өлі күйінде табылғаны жөнінде жазған едік.

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, жеткіншектерді іздеу жұмыстары кәугерлер олардың киімін су қоймаларының бірінің маңынан тауып алғанын айтқан соң басталған.

Жасөспірімдердің жеке заттары мен ұялы телефоны табылғаны жайлы хабарлама "112" желісіне хабарланған және хабарламада заттардың "Сковородка" су қоймасының маңынан табылғаны айтылған. Кейін жоғалып кеткен жасөспірімдер Екібастұз қаласының №9 орта мектебінің 2005 жылы дүниеге келген оқушылары екені анықталды.

Құтқарушылар куәгерлер көрсеткен су қоймасында болған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олардың жансыз денесі табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915224-10-ailyq-balasyn-ayausyz-urgan-pavlodarlyq-aiel-koptin-asuyn-tudyrdy/

pixel