jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    Есірткі
    Фото: polisia.kz

    Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты.

    Осы мақсатта Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған.

    Гаражды тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 грамм “мефедрон” психотроптық заты бар 446 zip-пакеті тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Гараждан есірткі заттарының өндірісі мен орамасына арналған кофе тартқыштар, электронды таразы, 94 жаңа zip пакеттері, этил спирті, полиэтилен пакеттері тәркіленді. Ер адамның өзімен бірге 84 мың теңге ақшалай қаражаты болған.

    Рудный қаласы ПБ бастығы Алим Баиқбаевтың айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде (Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адам мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    "Қара” нарықта тәркіленген есірткінің құны 15 миллион теңгеге бағаланады.

    Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап “Қарасора-2021” Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, оның негізгі мақсаты - есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жүргізу.

    Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.