jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда тойды тоқтату үшін полиция мейрамхананы қоршауға алған

    Мейрамхана
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Қарағандыда карантин талаптарын бұзып, мейрамханаға жиналғандарды тарату үшін полиция ғимаратты қоршауға алды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "7 тамыз күні "109" телефонына қаладағы мейрамханалардың бірінде көптеген адамдар, көліктердің жиналғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына құрамында полиция, санэпидемистанция және Қарағанды қалалық әкімдігінің қызметкерлері бар мобильді топ шықты. Факті расталды. Көңіл көтеретін орында көліктер мен адамдардың көптігіне байланысты, мобильді топ қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап, ғимаратты қоршауға алуға үшін қосымша полиция жасағын шақырды", – делінген хабарламада.

    Қарағандылық тәртіп сақшылары мейрамхананың кіші залында 38 жастағы азаматтың ұйымдастыруымен сүндет той өтіп жатқанын анықтаған.

    "Тойға 40 адам қатысқан. Ал, үлкен залда 57 жастағы қала тұрғынының ұйымдастыруымен қыз ұзату тойы өткізіліп жатқаны белгілі болды. Ол тойға шамамен 350 адам шақырылған. Полиция қызметкерлерімен мобильді топтың қабылдаған іс-шараларының арқасында мерекелік шара тоқтатылды", – деп хабарлайды облыстық ведомстводан.

    ПД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған фактілер бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қарауына жіберілді.

    Айта кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай Қарағанды облысының әкімдігінде карантин шектеуін сақтамай, той жасаған шенеунікке қатысты мәлімдеме жасады.

    "Аталған мемлекеттік қызметшіге қатысты арнайы тексеру тағайындалады, карантин шектеуі сақтамау фактісі расталған жағдайда, атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі ең қатаң шара қабылданады. Сондай-ақ, санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты іс-шара тоқтатылғанын, ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынатынын хабарлаймын", – деген болатын Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

    Қарағандыда тойды тоқтату үшін полиция мейрамхананы қоршауға алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.