jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда 74 жастағы ер адам кішкентай қызды көлікпен соғып, қашып кеткен (видео)

    Жол апаты
    Видеодан кадр: instagram.com/rustam.abdrakhmanov_

    Алматыдағы аулалардың бірінде жеңіл көлік жүргізішуісі баланы соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Болған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді

    Полиция қызметкері жариялаған видеодан көлік жүргізушісінің кішкентай қызды соққанын көруге болады. Оған ересек адам мен басқа да балалар көмекке келген. Ал көлік жүргізушісі болса, көлікті бұрып, жол апаты орнынан қашып кеткен.

    Рүстем Әбдірахмановтың сөзінше, аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп, күдікті анықталып, ұсталған. Ол 72 жастағы азамат болып шықан.

    "Азамат Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі, 611-бабы 2-бөлігі - "Көлік құралы жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, соның салдарынан жәбірленушіге жеңіл дене жарақатын келтіру" және "Жүргізуші өзі қатысқан жол-көлік оқиғасы орнынан жол қозғалысы ережелерін бұза отырып кетуі" бойынша жазаға тартылды", - дейді Әбдірахманов.

    Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кеткенін жазған едік.

    Жол апаты Бөрілі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27 шақырымында - Пугачев елді мекенінің маңында болған.

    21 жастағы LADA Priora жүргізушісі жол бойындағы үш жылқыны қағып кеткенін жеткізді.

    Зардап шеккендердің сөзінше, олар Орал қаласынан қыз алып қашып, Ақсай қаласына қарай бет алған. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде, бірі хирургиялық көмек алуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.