jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Израильде алты тұтқын жерді қасықпен қазып, түрмеден қашып кеткен (видео)

    Видео
    Видеодан кадр: Twiiter /Josh Breiner

    Израиль билігі Гольбоа жотасындағы түрмеден қашқан алты тұтқынды іздестіріп жатыр. Олар бірнеше ай бойы өздері отырған камерадан қасықпен жер асты жолын қазған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

    Басылымның жазуынша, қашқындардың арасында "Әль-Акса бригадасының" көшбасшысы Захария Збейди де бар.

    Ол бірнеше Израиль азаматын өлтірді деп айыпталған.

    Қалған бесеуі – "Ислам жиһады" қозғалысының мүшелері. Олардың барлығы өмір бойы бас бостандығынан айырылған.

    "Шин Бет" қауіпсіздік қызметі "қашқындар түрмеге заңсыз кіргізілген ұялы телефон арқылы сырттағы адамдармен байланыста болды" деп есептейді.

    Олардың болжамынша, тунель сыртында қашқындарды көлік күтіп тұрған.

    Қазіргі уақытта Израильде тұтқындарды іздеу операциясы жүріп жатыр.

    Билік олар Иорданияға өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, қазылған тунельден Иордания 14 шақырым қашықтықта орналасқан екен.

    Ал ХАМАС ұйымының өкілдері тұтқындардың қашуын "үлкен жеңіс" деп атаған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының IC 167/10 колониясында жазасын өтеп жатқан 36 жастағы ер адам белгісіз бағытта қашып кеткен еді.

    Кейін белгілі болғандай, ол өзінің сүйіктісін көру үшін осындай әрекетке барған.

    Сонымен қатар, Венесуэланың Нуэва-Эспарта штатында 60 тұтқын күзет қызметкерлеріне шабуыл жасап, түрмеден қашып кеткен болатын.

    Кейінірек екі түрме қызметкерінің жарақат алып, тұтқындардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды.

    Израильде алты тұтқын жерді қасықпен қазып, түрмеден қашып кеткен (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.