jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында анасы нәрестені дәретханаға тастаған: жаңа мәліметтер пайда болды

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырау облысында көшедегі дәретханаға тасталған нәресте оқиғасы туралы жаңа деректер пайда болды. Анықталғандай, жаңа туған нәрестенің анасы музыка мектебінде тазалаушы болып жұмыс істейді. Сәбидің жылағанын көршілері естіп, көмекке ұмтылған деп хабарлайды Almaty.tv.

    Телеарнаның хабарлауынша, 31 жастағы әйел музыкалық мектепте тазалаушы болып жұмыс істейді.

    Оны жеке танитындардың көбі оның жүкті екенін 9 ай бойы білмеген.

    "Мен оның жүкті екенін де байқамадым. Ол өзінің аяғы ауыр екенін де аса білдіртпейтін. Көбіміз білмедік, енді естіп отырмыз. Жағдың осылай болғаны өкінішті", – деді түсіндірді Индер аудандық балалар өнер мектебінің директоры Гүлсара Адайбеков.

    Жүкті әйелдің анасы үйге жедел жәрдем шақырғаны белгілі болды, бірақ босанған әйел қолхат жазып, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Әйел ауруханаға да жүгінбепті.

    Босанғаннан кейін көршілер дәретханадан шыққан шырылды естіп, нәрестені байқап, жедел жәрдем шақырған.

    Еске сала кетейік, Атырау облысында келіншек жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға лақтырып кеткен еді. Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болған.

    Облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бала Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылған, жынысы – ұл.

    "Бала тоңып қалған, дәрігерлер оны аман алып қалды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта", – деп хабарлаған еді бұған дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

    Атырау облысында анасы нәрестені дәретханаға тастаған: жаңа мәліметтер пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.