Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында келіншек жаңа туған баласын көшедегі дәретханаға тастап кеткен

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысында келіншек жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға лақтырып кеткен. Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болған. Сәбиді өтіп бара жатқан адамдар тауып, полиция шақырған. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің қазіргі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бала Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылған, жынысы – ұл.

"Бала тоңып қалған, дәрігерлер оны аман алып қалды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта", – деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Сәбидің 31 жастағы анасы да аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөліміне жатқызылды. Әйел дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдайды.

Оқиғаның мән-жайын енді полиция шешуі керек.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы, 1-бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935301-atyrau-oblysynda-kelinsek-zana-tugan-balasyn-kosedegi-daretxanaga-tastap-ketken/

pixel