jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда оқушыны дәретханаға жібермеген мұғалім жұмыстан шығарылды

    Оқушылар
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қарағандыда мұғалім екінші сынып оқушысын дәретханаға жібермегені үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады. Оқиға салдарынан бала сабақ үстінде кіші дәрет сындырып қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі №1 гимназияда жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесін жариялады.

    Басқарманың мәліметінше, іс жүргізу барысында мұғалімнің кінәсі мен оның функционалдық міндеттерін бұзғаны анықталды.

    Оқиғадан кейін мұғалім мектеп директорына ұятты жағдай туралы хабар бермегені және баланың анасынан кешірім сұрамағаны атап өтілген.

    "Гимназияда қызметтік тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы жүргізілді. Мұғалімнің әрекеті функционалдық міндеттерін бұзғаны, сонымен қатар оқиға туралы мектеп директорына уақытында хабар бермегені анықталды.
    Жұмысшы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды және 8 қазаннан жұмыстан шығарылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін педагогикалық этика мен функционалдық міндеттерді сақтау мәселесі директорлар кеңесінде және Қарағанды ​​педагогикалық ұжымдарында қаралды", – делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
    Қарағандыда оқушыны дәретханаға жібермеген мұғалім жұмыстан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.