jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Әйелімді қызғандым": Атырауда ер адам жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан

    Бейнебақылау камерасы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

    17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлме қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық жасаған күдікті арызданған келіншектің күйеу баласы болып шықты.

    Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, ол әпкесінің үйіне жиі қонаққа кететін әйелін қызғанған. Сол себепті, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.