jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақсу қаласында 72 жастағы анасына тыныштық бермеген ер адам қамауға алынды

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тұрғыны анасына жанжал шығара берген соң кейуана полицияға шағымданады. Алайда, бұл әрекет баласына тосқауыл болмаған деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақсу қаласының полициясына 72 жастағы әйел өз ұлына қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді. Ер адам үйде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, анасына психологиялық және моральдық қысым көрсеткен.

    Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.

    "Қорғау ұйғарымы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шығарылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарамастан іздестіруге, қудалауға, телефон арқылы сөйлесуге, онымен өзге тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады", – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

    Тәртіп сақшысы материал сотта қаралғанын атап өтті. Сот шешімімен отбасылық жанжал шығаушы кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

    Алайда қамаудан оралғаннан кейін ер адам анасына қайтадан жанжал шығарған.

    "Бұл жолы қорғау нұсқамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік кодекстің 461-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, онда сот қаулысымен отбасылық жанжал шығарушы кінәлі деп танылды, 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалып, ерекше талаптар белгіленді", – деп хабарлады Дәулет Молдабаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.