jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "40 млн теңгені жымқырған": Батыс Қазақстанда "Қазпошта" қызметкерлері ұсталды

    жемқорлық11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Батыс Қазақстан облысында 40 млн теңгені жымқырған «Қазпошта» АҚ БҚО филиалы пошта бөлімшелерінің бірінде жұмыс жасайтын екі әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған екі қызметкер ЖШС өкілінің осы серіктестік есепшотына аудару үшін тапсырған қаражатының бір бөлігін жымқырған.

    Келтірілген залал көлемі 33 млн теңгеден асты. Сонымен қатар аталған екеу алдау және сенімге кіру жолымен зейнеткерлерге тиесілі 7 млн астам теңгені қолды қылған.

    Осы қылмыстарға күдікті ретінде қолға түскен екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

    "40 млн теңгені жымқырған": Батыс Қазақстанда "Қазпошта" қызметкерлері ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.