jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында бір күнде екі ұрлық жасаған жас жігіт қолға түсті

    Ұры
    Көрнекі фото: Polisia.kz

    25 желтоқсанда Целиноград АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардан ұрлық туралы екі өтініш келіп түскен, олардың біреуі жеке үйден, екіншісі дүкен сөресінен жасалғаны анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

    Бірінші жағдайда қаскүнем үйге терезе арқылы кіріп, Zepter электрлік тамақ пісіргішті, Cofight дрон-коптерді, компьютерлік колонкаларды және тамақ өнімдерін ұрлап кеткен.

    Ал дүкеннен алкоголь өнімдері мен азық-түлікті ұрланған екен.

    Жеке іздеу барысында Целиноград АПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары Абылайхан Кикимов және Ақылбек Тасболатов күдіктіні анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

    Екі факті де Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша СДТБТ енгізілді.

    Айта кету керек, бұл учаскелік полиция инспекторлары Кикимов пен Тасболатовтың жеке іздеу барысында ашқан алғашқы қылмысы емес.

    Ақмола облысында бір күнде екі ұрлық жасаған жас жігіт қолға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.