jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматының қақ ортасында қару ұстаған 2 ер адам ұсталды

    Қару
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды, Бұл туралы оңтүстік астананың полиция департаменті хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

    Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары қарулы 38 және 35 жастағы ер адамды ұстады. Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды.

    "Күдіктілерді Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Олардан қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған "SM12 steyr mannlicher austria" маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі. Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келген",-деп хабарлады полициядан.

    Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды

    Алматының қақ ортасында қару ұстаған 2 ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.