jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Көршісінің үйіне ет ұрлауға барып, қаруын ұмытып кеткен түркістандық ұсталды (фото)

    Фото
    Көрнекі фото: Азаттық рухы

    Түркістан облысында ет ұрлауға барып, қаруын ұмытып кеткен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Бәйдібек аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, үйіне ұры түскенін айтқан.

    Оның сөзінше, түнде белгісіз біреу сарайда ілініп тұрған қазы мен 15 келідей қой етін көтеріп кетіпті.

    Сонымен қатар, ер адамның оқиға орнында мылтығын ұмытып кеткені белгілі болды.

    Хабар алысымен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына кірісіп, үш сағаттың ішінде күдіктіні қолға түсірді.

    Олардың мәліметінше, ұсталған ер адам бұған дейін де істі болған екен. Одан бөлек, күдікті мен арызданушының бір көшеде тұратыны анықталды.

    Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал күдікті қамауға алынды.

    Ағаш
    Фото: Polisia.kz

    Көршісінің үйіне ет ұрлауға барып, қаруын ұмытып кеткен түркістандық ұсталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.