jitsu gif
Оқыс оқиға

    9 жасар баланың телефонын тартып алған көкшетаулық жігіт қолға түсті

    Ұялы телефон
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Көкшетауда 9 жастағы баланың телефонын тартып алған азамат ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

    24 ақпанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны сол күні сағат 22:00 шамасында оның кәмелетке толмаған баласынан Samsung S20 телефоны ашық түрде ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 50 мың теңгені құраған.

    Әйел 9 жастағы ұлының жақын маңдағы дүкенге шыққанын айтады. Алайда ол жабылып, бала үйдің жанында орналасқан супермаркетке баруды шешкен. Супермаркетке барар жолда оны бейтаныс жас жігіт тоқтатып, уақытты білу сылтауымен телефонды алып, қашып кетіпті.

    Үйге жүгірген бала бірден анасына барлығын айтып береді. Қылмыс жасалған ауданға бірнеше автопатруль дереу жіберілген.

    Көкшетау қаласы ПБ ППБ Әскер -1 экипажының қызметкерлері Қ.Естаев және Ә.Қойбағар және ППБ қызмет инспекторы Б.Көшкінбай Әуезов-Пушкин көшелерінің қиылысында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны анықтап, ұстады.

    Полицейлерді көрген күдікті телефонды лақтырып, жасырынуға тырысқвн.

    Телефон иесіне қайтарылып, Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    9 жасар баланың телефонын тартып алған көкшетаулық жігіт қолға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.