jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақталып шыққан полиция полковнигі үкімді естіген сәтте көз жасын тыя алмады

    Айгүл Маманованың сот үкімін естіген сәті
    Айгүл Маманованың сот үкімін естіген сәті. Фото: Константин Вишниченко/kstnews.kz

    Бүгін, 8 сәуірде №2 Қостанай сотында Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Айгүл Мамановаға қатысты үкім шықты. Ол кінәсіз деп танылды. Ал сот үкімін естіген кезде полиция полковнигі көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды "ТоболИнфо".

    Басылымның жазуынша, Айгүл Маманова тергеу мен сот процесі кезінде тергеу изоляторында отырған. Жалпы, ол 11 ай 4 күнін қамауда өткізген. Сот үкімі оқылғаннан кейін Маманова көз жасына ерік берген.

    Айта кетейік, Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты іс билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған.

    Тергеу нұсқасына сәйкес, ол екі жылдан астам уақыт бойы қызметкерлерден ардагерді зейнетке шығарып салу, мамандық бойынша үздіктерді марапаттау, жерлеу рәсімдері мен акцияларға қатысу сынды имидждік іс-шараларға ақша жинап келген.

    Айгүл Маманова қамауға алынар алдында басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалып, "полиция полковнигі" шенін алған.

    Прокурор соттан Маманованы 5 жылға бас бостандығынан айырып, полковник шенінен айыруды сұраған. Бірақ сот оны кінәсіз деп тапқан.

    "Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталсын", - деді үкімді оқыған судья Ерімхан Қадырбаев.

    Енді Айгүл Маманова заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін келтірілген зиянды талап етуге құқылы.

    Ақталып шыққан полиция полковнигі үкімді естіген сәтте көз жасын тыя алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.