jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылықтар қаржы пирамидасына 1,8 млн доллар және 680 млн теңге салған

    Доллар
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, 300-ден астам адам Finiko ұйымдастырушыларына қатысты арыз жазған.

    "Шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құрады", - делінген хабарламада.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, Thefiniko - симулятор, қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп ақша салған. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда.

    Осы ретте агенттік азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

    "Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз The Finiko әрекетінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз: +7 (7172) 708-478", - делінген хабарламада.

    Алматылықтар қаржы пирамидасына 1,8 млн доллар және 680 млн теңге салған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.